Қазақстанда жеті айда 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Қазақстанда жеті айда 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қазақстанда тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту және азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 92,3 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы жоспар – 20,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе шамамен 188 мың тұрғын үй. Осылайша, бүгінгі таңда жылдық жоспардың 47,5%-ы орындалды.

Жаңа тұрғын үй салумен қатар, азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары да жүзеге асырылуда. Биыл 155,5 млрд теңгеге 12 мың кредиттік тұрғын үй пәтерін салу және сатып алу көзделген. Сонымен қатар 269 млрд теңгеге 13,5 мың жалға берілетін тұрғын үй пәтерін сатып алу жоспарланып отыр.

Жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру жалғасады. Жыл басынан бері азаматтарға 2-5% мөлшерлемемен жалпы сомасы 72,7 млрд теңгеге 5,1 мың несие берілді.

Сондай-ақ «Наурыз» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 339,2 млрд теңгеге 11,5 мың қарыз берілді.

Еліміздің өңірлерінде тұрғын үй салу және халыққа тұрғын үйді қолдау тетіктерін іске асыру бойынша жұмыстар жалғасады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында өтіп жатқан облыстық тамыз кеңесі аясында жаңа оқу жылының басым бағыттары талқылануда. Өңір педагогтері білім сапасын арттыру,...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесінің...