Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, біздің елден тыс жерде орналасқан 16 шет мемлекетте 19 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.
Аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес 107 учаскеде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталды.
Сайлаушылар тізімдеріне 12 605 788 адам енгізілген. Олардың 17 132-сі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алды.
Барлығы 10 423 сайлау учаскесі бар, оның ішінде 61 шет мемлекетте 79 учаске.

