Құрылтай сайлауында алғашқы дауыс берушіге сыйлық берілді

Құрылтай сайлауында алғашқы дауыс берушіге сыйлық берілді
Шымкент қаласында сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-ден басталып кетті. Азаматтар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр.
№1 сайлау учаскесіне қала тұрғындары ерте келген.
Мұнда ең бірінші болып дауыс берген Ерназ Өтейге сый-сыяпат жасалды.
- Мемлекеттік маңызы бар осындай маңызды науқандардан ешқашан шет қалған емеспін және Құрылтай сайлауына да белсенді түрде қатысуды өзіме азаматтық парыз санаймын
Елдің ертеңі, қоғамның болашағы әрқайсымыздың таңдауымыздан басталады. Сондықтан, өз дауысымыздың маңызды екенін жақсы түсінуіміз керек. Әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, сайлауға қатысқаны дұрыс деп ойлаймын, - дейді қала тұрғыны.
№1 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Фейрузат Кемерованың айтуынша, мұндағы сайлау учаскесінде 2613 дауыс беруші тіркелген. Дауыс беру үшін азаматтарға барлық қолайлы жағдайлар жасалған

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПАА) байқаушылар миссиясы Астана қаласында және шетелдегі 9 елде орналасқан 9 сайлау учаскесінде жұмыс істеп жатыр, деп...