ТМД ПАА байқаушылары Құрылтай сайлауындағы сайлаушылар белсенділігінің жоғары екенін атап өтті

ТМД ПАА байқаушылары Құрылтай сайлауындағы сайлаушылар белсенділігінің жоғары екенін атап өтті
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПАА) байқаушылар миссиясы Астана қаласында және шетелдегі 9 елде орналасқан 9 сайлау учаскесінде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Әзербайжан Милли Меджлисінің қорғаныс, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің мүшесі, Қоғамдық бірлестіктер және діни мекемелер жөніндегі комитетінің мүшесі Сабина Гадир гызы Салманова Астанадағы бірнеше сайлау учаскесіне барғанын айтты.

«Учаскелердегі жұмыстың ұйымдастырылуына ғана емес, таңертеңнен бастап сайлаушылардың белсенділігіне де таң қалдым. Учаскелерде егде жастағы азаматтар да, жастар да болды. Сондай-ақ ұлттық байқаушылармен сөйлестік. Олардың арасында саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар», – деді спикер.

Ал Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының ТМД Парламентаралық Ассамблеясындағы өкілетті өкілі Айк Марселович Чилингарян сайлаудың заң талаптарына сәйкес өтіп жатқанын атап өтті.

«Бүгін таңертеңнен бері 13 сайлау учаскесіне бардық. Барлық жерде жылы әрі достық атмосфераны байқадық. Сайлаушылардың көңіл-күйі жақсы, олар дауыс беруге ықыласпен келіп жатыр. Сонымен қатар барлық учаскеде тіркелген сайлаушылар санының айтарлықтай көп екенін көрдік. Әсіресе, барған 13 учаскенің ешқайсысында үйде дауыс беруге қатысты бірде-бір өтініш болмағанын атап өткім келеді. Бұл азаматтардың өз еркін учаскеге келіп, дауыс беру арқылы білдіруге ниетті екенін көрсетеді», – деді Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің әлеуметтік саясат жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Юлия Лазуткина.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПАА) байқаушылар миссиясы Астана қаласында және шетелдегі 9 елде орналасқан 9 сайлау учаскесінде жұмыс істеп жатыр, деп...