Сайлау ашық әрі ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес өтті – ТМҰ байқаушылары

Сайлау ашық әрі ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес өтті – ТМҰ байқаушылары
Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) байқаушылары 2026 жылғы 20-24 тамыз аралығында Қазақстанда жұмыс істеді. ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Нуру Гулиев Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конферецниясында миссия құрамына ТМҰ Хатшылығының, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің, соның ішінде Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиялары мен мемлекеттік органдарының өкілдері кіргенін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Жалпы, біздің миссия дауыс беру процесін бақылау үшін 32 сайлау учаскесінде болды. Бақылау барысында миссия ешқандай заң бұзушылықты немесе сайлау учаскелерінің қызметіне араласу фактілерін анықтаған жоқ. Сондай-ақ сайлау күні азаматтардың өз еркін білдіру бостандығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті әкімшілік шаралардың қабылданғанын атап өтті», – деді спикер.

Нуру Гулиев миссия сайлау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін елеулі заң бұзушылықтар тіркелмегенін де атап өтті.

«ҚР Құрылтай сайлауын бақылау жөніндегі халықаралық миссия сайлаудың ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес ашық әрі жария түрде өткенін мәлімдейді. Біз бауырлас Қазақстан Республикасының азаматтарын сайлаудың сәтті өтуімен құттықтаймыз және оның нәтижелері елдегі тұрақтылық пен дамуды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ түркі әлемімен екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге үлес қосады деп үміттенеміз», – деп қорытындылады Нуру Гулиев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Presight AI халықаралық компаниясының бас директоры Томас Прамотедхаммен кездесу өткізді....

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында халықаралық...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Көлік министрлігінің...