Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевты алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, бұл уақиғаның еліміз үшін тарихи мәні зор екенін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.
Президент түрікмен халқының Ұлт көшбасшысына жылы лебізі және Түрікменстан байқаушыларының сайлау үдерісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов достық әрі стратегиялық серіктестік рухындағы екіжақты қарым-қатынастың даму қарқынына көңіл толатынын жеткізді.
Сонымен қатар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейтуге баса мән берілді.

