Президент Малайзия Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Малайзия Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан Малайзиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өткен. Сондай-ақ Президент ортақ күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің игі бастамаларына сәттілік, ал Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Анталья қаласында (Түркия) өтіп жатқан COP31 климаттық конференциясы аясында Қазақстанның ұлттық павильонында «Табиғат бейімделу инфрақұрылымы...

Биыл Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті ауылдық елді мекендердің ауыз сумен қамтылуын жақсарту мақсатында топтық су...