Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент бұл мерекені Вьетнам халқының бірлігі мен жасампаз рухының, сондай-ақ елдің тұрақты дамуы мен өркендеу жолындағы ұмтылысының жарқын нышаны ретінде атап өткен.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Вьетнам халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Анталья қаласында (Түркия) өтіп жатқан COP31 климаттық конференциясы аясында Қазақстанның ұлттық павильонында «Табиғат бейімделу инфрақұрылымы...

Биыл Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті ауылдық елді мекендердің ауыз сумен қамтылуын жақсарту мақсатында топтық су...