Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

Шымкентте экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыстар қорытындыланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімделді.

Жыл басынан бері Экология департаменті 36 тексеру жүргізген. Оның 17-сі профилактикалық, 14-і жоспардан тыс, 5-еуі белгіленген талаптарға сәйкестікті анықтауға бағытталған. Бұл өткен жылдың 12 айындағы 34 тексеруден де жоғары көрсеткіш.

Нәтижесінде 63 әкімшілік іс қозғалып, жалпы 288,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның 233,2 млн теңгесі бюджетке өндірілді. Сонымен қатар заңбұзушылықтарды жою бойынша кәсіпорындарға 36 нұсқама берілді.

Басты назар атмосфералық ауаның сапасына және экологиялық рұқсат талаптарының сақталуына аударылуда. Индустриялық аймақтардағы кәсіпорындардың қызметіне де жүйелі бақылау жүргізілуде.

Экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаевтың айтуынша, айыппұл салу – негізгі мақсат емес. Басты міндет – қоршаған ортаның ластану себептерін жою, өндірістерді жаңғырту және қала тұрғындары үшін қауіпсіз жағдай қалыптастыру. Берілген нұсқамалардың орындалуы заңбұзушылықтар толық жойылғанға дейін бақылауда болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың негізгі ассортименті бойынша баға тұрақтылығы сақталып отырғанын хабарлайды....

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимараты салынады. Бұл мақсатқа...

Түркістан қаласындағы шағын кәсіпорын өндірісін ұлғайтуға дайын болғанымен, оған қажет жабдықты өз қаражатына бірден сатып ала алмауы мүмкін. Бір...

Шымкент қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлік мүшелері мен қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға қала...