Астанада Айзат Қарабектің «Ән әлемім» атты жеке концерті өтті

Астанада Айзат Қарабектің «Ән әлемім» атты жеке концерті өтті

Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айзат Қарабектің «Ән әлемім» атты жеке концерті өтті. Кешті Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ұйымдастырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Концертте дәстүрлі әндер, лирикалық шығармалар мен заманауи эстрадалық туындылар орындалды. Әнші халық әндері мен танымал шығармаларды ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі сүйемелдеуімен жаңаша нұсқада ұсынды.

Президенттік оркестрдің халық музыкасы ансамблімен бірге Айзат Қарабек «Дедім-ай, ау», «Әгугай», «Сайра, бұлбұл», «Ұлы дала», «Құстар әні» және басқа да туындыларды шырқады. Оркестр мен хордың сүйемелдеуімен «Таңғы тілек», «Ана жүрегі», «Қарлығаш», «Жасасын қазағым» әндері орындалды. Сондай-ақ «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің әртістері өнер көрсетті.

Кешке Қазақстанның халық әртісі Әлішер Кәрімов, Сәтжан Шәменов, Санжай Әлмішев және Айзада Кемел қатысып, Айзат Қарабекпен бірге ән шырқады.

Концерт соңында өнерпаздарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан гүл табысталды.

«Ән әлемім» концертінде ұлттық ән мен заманауи музыкалық шығармалардың әрқайсысы өзіндік бояуымен ерекшеленіп, өнерпаздар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.   

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Өндірістік кәсіпорын үшін тапсырысты уақытында орындау ғана емес, дайын өнімнің клиент күткен сипаттамаларға толық сәйкес келуі де маңызды. Егер...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан спортшылары Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарында тамаша нәтиже...