Швейцария елшісі мен Су ресурстары және ирригация вице-министрі Астана оқушыларына су үнемдеу тақырыбында экосағат өткізді

Швейцария елшісі мен Су ресурстары және ирригация вице-министрі Астана оқушыларына су үнемдеу тақырыбында экосағат өткізді

Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Су ізі: әр адамның жауапты таңдауы» тақырыбында экологиялық сағат өтті. Іс-шараға Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кристина Хонеггер мен Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Экологиялық сағатты Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Суды үнемде – болашақты сақта!» бастамасы мен «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ ұйымдастырды.

Қонақтар мектеп аумағындағы интерактивті білім беру бағытымен танысты. Атап айтқанда, мектеп жылыжайын аралап, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының бастамаларымен және су ресурстарын қорғауға арналған шығармашылық жұмыстарымен танысты.

Экологиялық сағатта Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Кристина Хонеггер «Су ізі: суды жауапты тұтыну және экологиялық мәдениет» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар оқушылар елші мен вице-министрге су үнемдеу, экологиялық білім беру және табиғатты қорғау бастамаларына қатысу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды.

«Су ресурстарын сақтау – мемлекет, қоғам және әрбір азамат үшін ортақ міндет. Суға ұқыпты қарау мәдениетін мектеп қабырғасынан бастап қалыптастыру маңызды. Мұндай кездесулер балалар мен жастарды экологиялық бастамаларды жүзеге асыруға тартуға ықпал етеді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.

Айта кетейік, «Суды үнемде – болашақты сақта!» жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері оған еліміз бойынша 3,3 миллионнан астам мектеп оқушысы мен 35 мың студент қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Өндірістік кәсіпорын үшін тапсырысты уақытында орындау ғана емес, дайын өнімнің клиент күткен сипаттамаларға толық сәйкес келуі де маңызды. Егер...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан спортшылары Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарында тамаша нәтиже...