Қарағанды облысында зейнеткердің банк картасын ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағанды облысында зейнеткердің банк картасын ұрлаған күдікті ұсталды

Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин кентінің полиция бөліміне 66 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Зейнеткер өзінің банк картасынан жинаған қаражаты жоғалғанын айтып, полициядан көмек сұраған. Келтірілген материалдық шығын 240 мың теңгені құрады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

     Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, қысқа уақыт ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушінің 37 жастағы көршісі болып шықты.

     Алдын ала мәлімет бойынша күдікті зейнеткердің банк шотында қаражат бар екенін білген. Әйел көршісінің сенімін теріс пайдаланып, оның банк картасын жасырын түрде ұрлап кеткен деген күдікке ілінді.

     Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

     Полиция азаматтарға банк карталарын бөгде адамдарға бермеуге, жеке қаржылық мәліметтерін құпия сақтауға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Өндірістік кәсіпорын үшін тапсырысты уақытында орындау ғана емес, дайын өнімнің клиент күткен сипаттамаларға толық сәйкес келуі де маңызды. Егер...

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан спортшылары Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарында тамаша нәтиже...