Ақтау қаласындағы №2 арнайы мектепте «Жомарт жан» орталығының ұйымдастыруымен «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
«Alaqan» креативті орталығы өткізген шығармашылық сабақтарда мектеп оқушылары өз қабілетін танытып, қиялына ерік берді. «Оқитын ұлт» жобасы аясында оқушыларға танымдық кітаптар сыйға тартылды.
Акцияның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және кітап оқуды насихаттау.
Ақтауда «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті


