Алматыда Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған альбомның тұсаукесері өтті

Алматыда Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған альбомның тұсаукесері өтті

Almaty Museum of Arts өнер музейінде қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушы, композитор Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай концерт пен «Ахмет Жұбанов. Скрипка мен фортепианоға арналған шығармаларының толық жинағы» атты альбомның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Кеште композитордың шығармаларын скрипкашы Жәңгір Жұбанов пен пианист Ерназар Ғимарат орындады. Концертке Аршат Шәріптің жетекшілігіндегі «Giovani Talenti» камералық оркестрі, сондай-ақ альтшылар Әділ Кәрімов пен Ильхан Тоқтахунов қатысты.

Ахмет Жұбановтың скрипка мен фортепианоға арналған шығармалары алғаш рет толық жинақ болып жарық көрді. Оларды халықаралық музыкалық стриминг платформаларынан тыңдауға болады. Бірқатар туынды кәсіби студияда жазылды.

Кеш қонақтары қатарында Түркия, Болгария, Румыния, Италия, Корея Республикасы және Қытай өкілдері болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ