Тоқаев Путинді құттықтады

Тоқаев Путинді құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге COVID-19 індетіне қарсы әлемдегі вакцинаның ең бірінші тіркелуіне орай құттықтап, жеделхат жолдады.

«Бұл оқиға Ресей ғылымының жоғары әлеуеті мен беделін нақтылай түсті. Сондай-ақ Ресейдің осы жаһандық қауіп-қатерге қарсы күрестегі жетекші рөл атқаратынын көрсетті. Әлемде қалыптасқан осынау қиын-қыстау кезеңде Қазақстанға үнемі қолдау көрсетіп, оның ішінде, гуманитарлық көмек беріп және еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына үлкен үлес қосқан дәрігерлер жібергеніңіз үшін Сізге ризашылық білдіреміз», – деп жазды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің аталған бағыттағы тиімді ықпалдастығы туралы да айтты.

«Тамыз айының екінші жартысында Үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, 11 тамызда РФ президенті Владимир Путин үкімет мүшелерімен жиында Ресейде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әлемде алғашқы болып тіркелгенін мәлімдеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың негізгі ассортименті бойынша баға тұрақтылығы сақталып отырғанын хабарлайды....

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимараты салынады. Бұл мақсатқа...

Түркістан қаласындағы шағын кәсіпорын өндірісін ұлғайтуға дайын болғанымен, оған қажет жабдықты өз қаражатына бірден сатып ала алмауы мүмкін. Бір...

Шымкент қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлік мүшелері мен қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға қала...