«Қорғас ісі»: Бас прокуратура Швейцариядан 390 млн теңгеден астам қаржыны қайтарды

«Қорғас ісі»: Бас прокуратура Швейцариядан 390 млн теңгеден астам қаржыны қайтарды

2020 жылғы 14 қыркүйекте Швейцарияның Федералдық билігі «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелері жымқырып, шетелге шығарған 390 млн теңгеден астам қаражатты Қазақстанға қайтарды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды. 

Аталған қаражат 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшелерінің бірі Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі Швейцария банкіндегі шетелдік компанияның шотында болған.

«Швейцариядан Әбдіралиевтің қылмыстық активтерін қайтару бойынша жұмыс 2018 жылдан бері жүргізілген. Бұған дейін 2019 жылы осы іс бойынша мемлекет кірісіне Швейцариядан 140 млн теңге қайтарылған болатын», - делінген ақпаратта.

Осылайша, осы іс бойынша Швейцариядан мемлекеттік бюджетке шетелден активтерді қайтаруға қатысты жұмыс шеңберінде түскен қаражаттың жалпы сомасы шамамен, 530 млн теңгені (1,3 млн АҚШ долларынан астам) құрайды.

Еске сала кетейік, «Қорғас ісі» бойынша қылмыстық іс 2013 жылы қозғалды. Бұл Қазақстан тарихындағы ең ауқымды қылмыстық процеске жатады.

Ұйымдасқан қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы Қытайдан Қазақстанға контрабандалық жолмен «Қорғас», «Қалжат» және «Достық» кеден бекеттері арқылы тауарлар өткізіп отырған. Айыпталушылардың көбі кеден қызметінің аймақтық органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жоғары лауазымды шенеуніктер болған.

Осы іс бойынша 45 адам айыпталып, 19 адамға іздеу жарияланды.  

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың негізгі ассортименті бойынша баға тұрақтылығы сақталып отырғанын хабарлайды....

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимараты салынады. Бұл мақсатқа...

Түркістан қаласындағы шағын кәсіпорын өндірісін ұлғайтуға дайын болғанымен, оған қажет жабдықты өз қаражатына бірден сатып ала алмауы мүмкін. Бір...

Шымкент қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлік мүшелері мен қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға қала...