Мамин Түрікменстан президенті Бердымухамедовпен кездесті

Мамин Түрікменстан президенті Бердымухамедовпен кездесті

Бүгін Ашхабад қаласында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен кездесті, деп хабарлайды Премьер-министрдің сайты.

«Тараптар дамудың жоғары қарқынын және экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан ары арттыру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті. Карантин шараларына және әлемде орын алған қазіргі жағдайға қарамастан, Қазақстанның Түрікменстанмен сауда деңгейі тұрақты өсімді сақтап қалды — 2020 жылғы қаңтар-шілде айларында тауар айналымы 10%-ға, яғни  шамамен $100 млн-ға дейін ұлғайды. Биылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстан аумағы арқылы Түрікменстанға теміржол жүктерін транзитпен тасымалдау көлемі 55%-ға артты»,-  делінген хабарламада. 

Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, транзиттік-көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Түрікменстанның Балқан уәлаяты арасындағы шекара маңы ынтымақтастығын дамыту келешегіне, оның ішінде екі елдің шекарасында шекара маңы саудасының арнайы аймағын құру жолымен дамытуға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Ашхабад қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі А. Мамин Түрікменстанның Министрлер кабинеті басшысының орынбасарлары Р. Мередовпен, Б. Овезовпен және М. Мередовпен жеке келіссөздер жүргізді, онда экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың практикалық шаралары қаралды

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың негізгі ассортименті бойынша баға тұрақтылығы сақталып отырғанын хабарлайды....

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимараты салынады. Бұл мақсатқа...

Түркістан қаласындағы шағын кәсіпорын өндірісін ұлғайтуға дайын болғанымен, оған қажет жабдықты өз қаражатына бірден сатып ала алмауы мүмкін. Бір...

Шымкент қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлік мүшелері мен қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға қала...