Қазақстанда 4,6 мың шақырымнан астам канал реконструкцияланып жатыр  

Қазақстанда 4,6 мың шақырымнан астам канал реконструкцияланып жатыр  

2024-2025 жылдары жалпы ұзындығы 1,4 мың км-ден асатын 190 каналдың, 5 су қоймасының, 8 гидротехникалық құрылыстың және 945 мыңнан астам халқы бар 321 елді мекенді қамтыған ауыз сумен жабдықтау жөніндегі 22 нысанның реконструкциясы аяқталды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов хабарлады. Оның айтуынша, биыл 142 ауылдық елді мекенді және шамамен 540 мың адамды қамтитын ауыз сумен жабдықтау нысандарын салу және жөндеу бойынша 12 жобаны аяқтау көзделген.

«Қазіргі таңда 4600 км-ден астам каналда жұмыс жүргізілуде. Оның ішінде 2026 жылы 962 км каналда жөндеу жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл шамамен 200 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді. Стратегиялық мақсат – 2030 жылға қарай каналдардағы су ысырабын 50%-дан 25%-ға дейін азайту», – деді спикер баспасөз конференциясында.

Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес 42 жаңа су қоймасын салу, 37 су қоймасы мен 110 гидротехникалық құрылысты реконструкциялау, 14,5 мың км каналды, оның ішінде 3,5 мың км каналды цифрландыру элементтерін енгізу арқылы жаңғырту, сондай-ақ 557 гидротехникалық құрылысжайға көпфакторлы зерттеп-қарау жүргізу жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ