Джек Ма бір күнде 3,5 миллиард долларынан айырылды

Джек Ма бір күнде 3,5 миллиард долларынан айырылды

Қытайлық ең бай миллиардерлердің бірі, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма монополияға қарсы тергеуге байланысты Alibaba акцияларының құлдырауынан бір күнде 3,5 миллиардтан аса доллар жоғалтты, - деп хабарлайды Tengrinews РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Forbes Real-Time рейтингісіне сәйкес, Джек Ма-ның байлығы бейсенбідегі сауда-саттықтың жабылуында 57,3 миллиард долларға бағаланды. Басылымның ақпаратынша, ол бір тәулікте 3,6 миллиардынан айырылған. Бизнесмен рейтингтің 19-шы орнында тұр.

«Бейсенбіде Гонконг пен Нью-Йорк биржаларындағы Alibaba акциялары монополияға қарсы тергеу туралы жаңалықтардан кейін айтарлықтай зардап шекті. Компанияның Гонконгтегі акциялары 8,1 пайызға, ал NASDAQ биржасында - 13,3 пайызға арзандады», - деп жазылған басылымда.

Бұған дейін Қытайдың нарықты бақылау және реттеу жөніндегі бас мемлекеттік басқармасы Alibaba-ға қатысты монополияға қарсы тергеуді бастағаны хабарланған болатын. Компания өз кезегінде билікпен белсенді ынтымақтасуға дайын екенін және тергеуге қарамастан қалыпты жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...