Гонконгта 6 миллиард долларға салынған суасты туннелі ашылды

Гонконгта 6 миллиард долларға салынған суасты туннелі ашылды

Гонконгта жаңа суасты туннелі ашылды - бұл мегаполистегі төртеудің ең ұзыны әрі ең тереңі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Гонконгтың көлік департаментіне сілтеме жасап. 

«5,5 шақырымға созылған туннель теңіз акваториясы арқылы Гонконгтың жаңа аумағындағы Тунмун ауданын Чеклапкок халықаралық әуежай аумағындағы Лантао аралын байланыстырады. Сондай-ақ мұнда 2018 жылы ашылған Гонконг - Макао - Чжухай ірі көпіріне шығатын жол бар» делінген Қытайдың арнайы әкімшілік ауданының көлік департаменті таратқан хабарламада.  

Жаңа жол теңіз түбінен 60 метр тереңдікте салынған. Туннель салу үшін 17,6 метр диаметрі бар арнайы бұрғылау техникасы іске қосылған. 

Туннельді салу үшін 6,1 миллиард доллар жұмсалған, ал оның құрылысына 7 жылдан аса уақыт кеткен. Осы жолмен жүру тегін болады екен. 

Айта кетейік, бұл Гонконгта бұрғылау әдісімен салынға алғашқы туннель. Басқа үшеуі Виктория бұғазының түбінде қалау әдісімен салынған болатын. 

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...