Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Solidcore Resources plc компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несисті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Solidcore Resources plc компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несисті қабылдады

Мемлекет басшысына бағалы және түсті металдарды барлау, игеру және қайта өңдеумен айналысатын ірі компанияның Қазақстандағы қызметінің нәтижесі жөнінде мәлімет беріліп, алдағы уақытқа арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке Solidcore Resources plc компаниясы Павлодар облысында «Ертiс ГМК» жаңа гидрометаллургия кешенінің құрылысын бастағаны жөнінде баяндалды. Болашақ зауыт жылына 300 мың тонна концентрат шығара алады. Құрамындағы алтынның үлесі 98 пайызға жуықтайтын Доре құймасын шығару жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Виталий Несис Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағандыда геологиялық зертхана салу жоспарын таныстырды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы компанияның отандық өнеркәсіпке қажетті инженер мамандар даярлау мақсатында қабылдаған шараларының маңызы зор екенін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың негізгі ассортименті бойынша баға тұрақтылығы сақталып отырғанын хабарлайды....

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимараты салынады. Бұл мақсатқа...

Түркістан қаласындағы шағын кәсіпорын өндірісін ұлғайтуға дайын болғанымен, оған қажет жабдықты өз қаражатына бірден сатып ала алмауы мүмкін. Бір...

Шымкент қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлік мүшелері мен қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға қала...