Үкіметте жаңартылатын энергетика, суды тұщыту және «жасыл» сутегі өндіру салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

Үкіметте жаңартылатын энергетика, суды тұщыту және «жасыл» сутегі өндіру салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ACWA Power компаниясының бас директоры Марко Арчеллимен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

ACWA Power компаниясы – суды тұщыландыру бойынша әлемдегі ең ірі жеке компания және дәстүрлі энергия көздерінен экологиялық таза технологияларға көшу саласындағы көшбасшы, соның ішінде «жасыл» сутегі өндіруде жетекші компания болып табылады.

Марко Арчелли ACWA Power компаниясының Қазақстандағы инвестициялық портфелін кеңейтуге дайын екенін және жаңартылатын энергия, суды тұщыландыру және «жасыл» сутегі өндірісі салаларында ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстанның кең табиғи ресурстарымен және стратегиялық орналасуымен осы технологияларды дамытудағы үлкен әлеуетін ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Роман Скляр Қазақстан Үкіметі ACWA Power компаниясымен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін және алдағы уақытта да тығыз қарым-қатынасқа дайын екенін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...