Мәжіліс бірінші сессиясын қорытындылады

Мәжіліс бірінші сессиясын қорытындылады

Бүгін жетінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының соңғы отырысы өтіп, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессия жұмысын қорытындылады.

«Осы сессиядағы жаңа және нақты қадамдар Мәжілістің заң шығару жұмысын одан әрі күшейтуге жол ашты.Соның нәтижесінде, Мәжіліс саяси, әлеуметтік, экономикалық маңызы зор көптеген заңдарды қабылдады. Көптеген парламенттік шаралар ұйымдастырылды. Бұл жолда біз, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Стратегиялық бастамаларын және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған міндеттерін басшылыққа алдық. Оның барлығы, халқымыздың өмір сапасын арттыруға, еліміздің тұрақты дамуын заң деңгейінде қамтамасыз етуге ықпал етті», - деді Н. Нығматулин.

Нұрлан Зайруллаұлының айтуынша, сессия барысында депутаттар заң шығарушылық бастамаларын белсенді қолданып, 10 заң жобасын әзірлеп шыққан.

Сондай-ақ, осы сессияда индустриялық-инновациялық даму, қаржы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және аймақтық даму мәселелеріне қатысты 230-дан аса депутаттық сауал жолданды.

Енді депутаттар өңірлерге, шалғайдағы ауылдық жерлерге барып, сайлаушылармен кездеседі.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аким Алматы Дархан Сатыбалды в ходе пешего обхода ул. Жансугурова ознакомился с реализацией проектов благоустройства, состоянием инфраструктуры и...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жансүгіров көшесін жаяу жүріп, көріктендіру жобаларының жүзеге асырылу барысымен, инфрақұрылымның жай-күйімен және...

Президентке АХҚО қызметінің 2025 жылғы және 2026 жылдың I тоқсанындағы негізгі нәтижелері, сондай-ақ Орталықты одан әрі дамыту жоспары таныстырылды, деп хабарлайды ...

Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмаздың қатысуымен екі елдің іскер...