Астанада жаңа Конституцияны қолдауға арналған Open Air концерті мен әсерлі дрон-шоу өтті

Астанада жаңа Конституцияны қолдауға арналған Open Air концерті мен әсерлі дрон-шоу өтті

Астанада Халықаралық әйелдер күні қарсаңында EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қолдауға арналған Open Air форматындағы мерекелік live-концерт өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шарада елорда тұрғындары мен қонақтары бас қосып, мерекелік шаралардың біріне айналды.

Сахнада қазақстандық танымал өнерпаздар – Әлішер Кәрімов, Қайрат Байкенов, Ернар Амандық, Bayansulu, Мади Қадыров, сондай-ақ Zaman және «Жошы» топтары өнер көрсетті.

Әртістер көрермендерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жиналған қауымға ерекше көңіл күй сыйлады.

Кештің көркін әсерлі дрон-шоу қыздыра түсті. Түнгі аспанда дрондар алтын және көгілдір шамдар арқылы Қазақстан картасының бейнесін жасап, оның ортасында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуды бейнеледі.

Осыдан кейін аспанда «Референдум» жазуы мен оның өтетін күні – 15 наурыз/марта көрініс тапты.

Шоудың финалында Қазақстанның басты ұлттық рәміздерінің бірі – шаңырақ бейнеленіп, оның төменгі жағында ел бірлігі мен жауапты таңдауды білдіретін көк түсті белгі көрсетілді.

Мерекелік іс-шара елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлап, әсерге толы кеш болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің заңсыз иемденілген активтерді қайтару және оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін пайдалану жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру...

Сенбілік барысында прокуратура ғимаратының аумағы тазартылып, қоқыстар жиналып, айнала абаттандырылды. Табиғатты аялау, қоршаған ортаның тазалығын...

Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері негізінде әзірленген өнімдер «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендінің дамуына үлес қосып келеді. Бүгінде...

Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын...