Қазақстан Елшісі Люксембург Ұлы Герцогіне сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Елшісі Люксембург Ұлы Герцогіне сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшісі Роман Василенко Люксембург Ұлы Герцогі Гийомға сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Герцог сарайында өткен аудиенция барысында тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Р.Василенко Ұлы Герцогке ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде Ұлы Герцог Гийом Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жолдап, Қазақстанның аймақтық және халықаралық саясаттағы артып келе жатқан рөлін атап өтті. Монарх Люксембургтің сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық салаларда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді.

Қазақстан мен Люксембург саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастықты тұрақты түрде дамытуда. Герцогтік Еуропаның жетекші қаржы орталықтарының бірі және еліміздің Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі болып табылады.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша Люксембург әлемдегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін иеленеді. Халықаралық валюта қорының дерегі бойынша 2025 жылы бұл көрсеткіш 146 мың АҚШ долларын құраған. 2005 жылдан бері Люксембургтен Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың ағыны 3,7 млрд АҚШ долларынан асқан, бұл люксембургтік қаржы және инвестициялық құрылымдардың Қазақстан нарығына тұрақты қызығушылығын көрсетеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сенбілік барысында прокуратура ғимаратының аумағы тазартылып, қоқыстар жиналып, айнала абаттандырылды. Табиғатты аялау, қоршаған ортаның тазалығын...

Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері негізінде әзірленген өнімдер «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендінің дамуына үлес қосып келеді. Бүгінде...

Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын...