Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалдық жекпе-жекте Төрехан Сабырхан Иордания өкілі З. Ишашпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Бұл — Қазақстанның бокстан Азия ойындарында соңғы 12 жылда жеңіп алған алғашқы алтын медалі. Бұған дейін қазақстандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған болатын.


