Чемпиондар Лигасының финалистері анықталды

Чемпиондар Лигасының финалистері анықталды

Сонымен биылғы жылғы Чемпиондар Лигасы да өз мәресіне таяды. Әлемді жайлаған пандемия футболшыларға да кері әсерін тигізгені анық. Оған жанкүйерсіз өтіп жатқан матчтарды да қосыңыз.

Биылғы Чемпиондар Лигасы осындай «қызықтарымен» еске қалды. Күні кеше осынау турнирдің ақтық сынға шыққан командалары белгілі болды. Францияның «ПСЖ» командасы германиялық «РБ Лейпциг» командасын 3:0 есебімен ойсырай ұтса, «Бавария» командасы жарыстағы екінші француздық клуб «Лионды» жеңді. Бұл мачта да таблодағы есеп 3:0 көрсетті.

Енді қос мықты «ПСЖ» мен «Бавария» 23 тамыз күні Чемпиондар Лигасының жеңімпазын анықтайтын болады.

 

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...