Фируза Шәріпова Әлем чемпионы атанды

Фируза Шәріпова Әлем чемпионы атанды

Қазан қаласында өткен кәсіби бокс кешінде қазақстандық Фируза Шәріпова IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта Әлем чемпионы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық былғары қолғап шебері танзаниялық Хэппи Даудимен жұдырықтасты. Фируза алғашқы раундтан тізгінді қолға алып, соққыларын қарсыласына дәл тигізді. Аяғымен де жылдам қозғалған отандық спортшының қарқынына шыдас таныта алмаған Дауди бесінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша кәсіби боксқа қайта оралған 25 жастағы Шәріпова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Ол 2019 жылдың сәуірінен бастап рингке шықпаған еді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын сөз еткенде, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу құқығына ерекше назар аудару қажет. Себебі...

Как устроена работа уголовно-исполнительной системы, чем занимаются её сотрудники и какие возможности для бизнеса есть в исправительных учреждениях? Об этом узнали студенты...