Головкин үздік боксшылар үштігіне енді

Головкин үздік боксшылар үштігіне енді

Ringsidereport.com журналисі Гари Уильям Геннадий Головкинді қазіргі заманға үздік боксшылар үштігіне енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Джошуа, «Канело» және Головкин — бокстың үш жарқын жұлдызы», - деп есептейді Уильям.

Бұдан бұрын The Ring журналы салмақ санатына қарамай (pound-for-pound) әлемнің ең үздік боксшылар рейтингін жаңартқан болатын. Головкин әлемдегі ең мықты он боксшы қатарына енген еді.

Айта кету керек, Геннадий Головкин келесі айқасын поляк Камил Шереметамен өткізеді. Ол жекпе-жекте IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулының иегері анықталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді, деп...

Жоғары мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Аса мәртебелі Бельгиялықтар Королі Филипп пен Аса...

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі мен Патшайымының Қазақстанға жасаған тарихи мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа парағын ашатынын және қос халық...