UFC басшысы Нурмагомедов пен Фергюсон жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

UFC басшысы Нурмагомедов пен Фергюсон жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

UFC президенті Дана Уайт ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов пен АҚШ өкілі Тони Фергюсон арасында жекпе-жек өткізу мүмкіндігін әлі де қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлады Tengrinews Sports Illustrated-қа сілтеме жасап.

Ресейлік пен америкалық арасындағы жекпе-жек бұған дейін бес рет өтпей қалған. Соңғы рет кездесу коронавирус салдарынан 2020 жылдың наурызында шегерілген еді.

"Егер Хабиб Гэтжиді жеңсе, онда Тони Фергюсонмен жекпе-жек болады, бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Хабибпен бұл жекпе-жек өтеді деп үміттенемін, өйткені мен адамдар оны көргісі келетінін білемін", - деді Уайт.

Нурмагомедов пен Гэтжи арасындағы жекпе-жек 24 қазанда Әбу-Дабидегі "Жекпе-жек аралында" өтеді. Осы турнир аясында екі қазақстандық файтер сегізбұрышқа шығады: Сергей Морозов Хабибтің немере інісі Умар Нурмагомедовпен кездеседі, ал Шавкат Рахмоновтың қарсыласы әлі анықталған жоқ.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жоғары мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Аса мәртебелі Бельгиялықтар Королі Филипп пен Аса...

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі мен Патшайымының Қазақстанға жасаған тарихи мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа парағын ашатынын және қос халық...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай...