«Барыстың» ойыншысы жылына 420 млн. теңге табыс табады

«Барыстың» ойыншысы жылына 420 млн. теңге табыс табады

Ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымы Құрлықтық хоккей лигасының ең көп табыс табатын ойыншыларының рейтингін жариялады. Олардың арасында «Барыс» капитаны Даррен Диц те бар, деп жазды  Sports.kz. 

Рейтингке жылына 45 миллион рубльден көп табыс табатын ойыншылар тізімге енгізілген.  

15 орынның ішінде 9-шы орынды барыстық Диц пен өзге де алты хоккейші иеленген екен. Осылайша, Даррен Дицтің жылына 420 миллион теңге табатыны белгілі болды.  

Ең қымбат ойыншылар тізімін мәскеулік «Динамоның» шабуылшысы Вадим Шипачев бастап тұр. Ол жылына 120 миллион рубль (672,9 миллион теңге) табыс табатын көрінеді. 

Айта кетсек, 27 жастағы Даррен Диц – Канадада туып-өскен қазақстандық хоккейші, «Барыс» хоккей клубының және Қазақстан құрамасының қорғаушысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жоғары мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Аса мәртебелі Бельгиялықтар Королі Филипп пен Аса...

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі мен Патшайымының Қазақстанға жасаған тарихи мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа парағын ашатынын және қос халық...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай...