Дмитрий Патанин мен Нариман Курбанов Болгариядағы турнирде көш бастады

Дмитрий Патанин мен Нариман Курбанов Болгариядағы турнирде көш бастады

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Болгарияның Варна қаласында өткен Challenger Cup турнирінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұтқалы ат снарядында Нариман Курбановқа тең келер ешкім болмады. Ол 15.433 ұпаймен жеңімпаз атанды. Күміс пен қоланы тиісінше Өзбекстан мен Хорватия спортшылары иеленді. 

Еркін жаттығуда қазақстандық Дмитрий Патанин 14.033 ұпаймен алтын жүлдегер атанды. Осы жаттығуда қола медальді тағы бір спортшымыз Салим Асанов (13.533) еншіледі. 

Айта кетелік, бұл Қазақстан құрамасының Олимпиада қарсаңындағы дайындық кезеңдерінің бірі саналады. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

23 августа в Казахстане состоятся выборы депутатов Курылтай. В этот важный день политической кампании в ряде городов и районов Туркестанской области общественный...

Енді отын қозғалысын өндіру мен тиеуден бастап, өңірлерге жеткізу және халыққа сатуға дейінгі бүкіл тізбек бойынша бақылауға болады. Бұл ауытқуларды жедел анықтауға,...