Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирін екінші орынмен аяқтады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирін екінші орынмен аяқтады

Шымкент қаласындағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогінің Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Финалда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Жапония командасына аса тартысты матчта 1:2 есебімен жол берді.

Шымкентте бірнеше күн бойы жаңбыр жаууына байланысты алғашқы екі ойын залда хард төсенішінде өткізілді. Алдымен Дамир Жалғасбай Каваниши Хьюға есе жіберді – 6:1, 1:6, 1:6.

Бұдан кейін Заңғар Нұрланұлы Жапония командасының көшбасшысы Табато Рюдан айласын асырды – 6:4, 6:4. Заңғар іріктеу кезеңінде 6 кездесу өткізіп, бәрінде қарсыластарына бірде-бір сет бермей, жеңіске жетті.

Үшінші, шешуші бәсекеде жұптық сында ұпай жапониялықтардың қанжығасында кетті – 3:6, 7:6 (7:5), 10:6.

Жапония екінші жыл қатарынан іріктеу турнирінде бірінші орынға ие болды.

Соңғы сында ұтылып қалғанына қарамастан, Сергей Квактың шәкірттері бір апта бойы жеңіске деген жігерлерін жани білді. Өткен жылы қазақстандық жасөспірімдер үздік үштікке іліксе, биыл екінші сатыдан көрінді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның барлық өңірінде әйелдер сүт безі обырының алдын алу бойынша тексерілуден өтіп, бейінді дәрігерлерден кеңес алу мүмкіндігіне ие болуда....

Қазақстанда жасанды интеллект бағытындағы құзыреттерді дамытудың ұлттық жүйесі құрылуда. Бұл жүйе мамандарды оқытудың әр алуан деңгейін қамтиды:...

Ақтөбеде «Азаматтық әріптестік: жаңа форматтар – ортақ шешімдер» атты конференция өтті. Қатысушылар азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес...