Шақыру кубогі: Қазақстан волейбол құрамасы финалға шықты

Шақыру кубогі: Қазақстан волейбол құрамасы финалға шықты

Филиппин астанасы Манила қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан «AVC шақыру кубогі» турнирінде Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық қыздар жартылай финалда алаң иелері – Филиппин командасымен сынға түсті.

Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:0 (25:23, 25:21, 25:14) есебімен ұтты.

Екінші жартылай финалда Вьетнам командасы Австралияны 3:0 (25:21, 25:19, 25:16) жолдан тайдырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...