Месси тағы рекорд жаңартты

Месси тағы рекорд жаңартты

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси испаниялық «Барселона» сапындағы матчтар бойынша рекорд орнатты.

Испания чемпионатының 24-турында футболшы каталониялықтар сапындағы 506-шы матчын өткізді. Осылайша, Месси бұған дейін 505 ойын өткізген «Барселонаның» экс ойыншысы Хавиді озып, клуб рекордын жаңартты.

Сонымен қатар, Месси Ла Лигада пенальтиден 60 гол соққан екінші ойыншы болды. «Реал» сапында пенальтиден 61 гол соққан Криштиану Роналду бұл көрсеткішке алғашқы жеткен.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...