Мұхамедсабыр Базарбайұлы: Таиландта алты кездесу өткіздім, олимпиаданың өзінде төрт жекпе-жек болады

Мұхамедсабыр Базарбайұлы: Таиландта алты кездесу өткіздім, олимпиаданың өзінде төрт жекпе-жек болады

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы сапында Олимпиадаға ең соңғы болып жолдама алған Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиландтағы іріктеу турниріне баға берді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бапкеріммен бірге қарсыласымды зерттеп, айламен жұдырықтасу керек деп шештік. Өйткені, ол физикалық тұрғыдан мықты екен. Алғашқы раунд қиындау болды, кейін өз мәнерімді таптым. Бұл турнирде алты жекпе-жек өткізіп, бесеуінде жеңіске жеттім. Олимпиаданың өзінде  төрт кездесу болады. Ал кубалыққа қатысты айтар болсам, төреші кімнің қолын көтерсе, сол жеңімпаз. Енді Олимпиадаға аз уақыт қалды. Халқымды жеңіспен қуантуға тырысамын", - деді спортшы. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық Кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруда....