Михаил Кукушкин Ұлыбританиядағы челленджер турнирінде ширек финалға шықты

Михаил Кукушкин Ұлыбританиядағы челленджер турнирінде ширек финалға шықты

Әлемнің 136-ракеткасы, қазақстандық Михаил Кукушкин Сурбитон (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандық спортшы екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 308-орында тұрған корт иесі Пол Джубпен ойнаған болатын.ү

Бірінші партияда ұлыбританиялық спортшы айқын басымдылық танытты – 6:1. Кейін Кукушкин камбэк жасады – 6:3, 6:2.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде Кукушкин 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті. Джубб 3 эйс, 3 брейкке (7 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 201-ракеткасы, тағы бір ұлыбританиялық Билли Харриспен таласады. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында өтіп жатқан облыстық тамыз кеңесі аясында жаңа оқу жылының басым бағыттары талқылануда. Өңір педагогтері білім сапасын арттыру,...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесінің...