"Үлгердім": полицей адам өмірін сақтап қалды

"Үлгердім": полицей адам өмірін сақтап қалды

Оқиға кеше түнде Шымкентте орын алды. Кездейсоқ куәгер полицияға көше қиылысындағы көпірден секіргелі жатқан қыз туралы хабарлады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған жерге бір жарым минут ішінде патрульдік инспектор Мейіржан Барат жетті.
Тәртіп сақшысы көпір қоршауынан шығып тұрған қызды бірден ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды.

-Қуанышқа орай, мен жақын жерде болдым. Үлгердім. Бұл менің міндетім,- деп қысқа қайырды офицер.

Қазіргі таңда тұрғынның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қостанай облысына жұмыс сапары барысында іске асырылып жатқан маңызды жоба - KIA маркалы автомобиль...