Медициналық қызметтердің ақысы автоматты түрде төленеді

Медициналық қызметтердің ақысы автоматты түрде төленеді

Азаматтарға көрсетілген барлық медициналық қызметтің ақысын уақытылы төленеді. Бұл бағытта 4 функционал іске қосылады. Біріншісі – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен медициналық ұйымдар арасындағы келісім-шарттар цифрландырылып, электронды келісім-шарттар құрылады. Екіншіден, көрсетілген медициналық қызметтердің көлемі тиісті тарифтер арқылы анықталады. Үшіншіден, көрсетілген қызметтердің ақауларына мониторинг жасалады. Төртіншіден, көрсетілген қызметтер бойынша автоматты түрде қаржыландыру жүргізіледі. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ брифингінде хабарлады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл жобаны әзірлеу қараша-желтоқсан айларында аяқталып, келер жылы 1-қаңтардан бастап барлық медициналық ұйымда іске қосылады.  

«Бұл жүйе арқылы 1900-ға жуық медициналық ұйым жұмыс жасайды және жылына шамамен 350 мыңнан астам медициналық қызметтердің мониторингі мен төлемін қамтамасыз ететін болады», – деді спикер. 

Ақпараттық  жүйелерді интеграциялау аясында 17 мемлекеттік ақпараттық жүйе бір-бірімен байланыстырылады. Жүкті әйелдер реестрі құрылады. Қазір дәрігерлер олардың мәліметтерін 2 ақпараттық жүйеге енгізуге мәжбүр. Жаңа жоба дәрігерлердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.  

Науқастардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беріледі. Олардың деректерінің заңсыз таралып кетпеуі үшін арнайы сервис әзірленді. Барлық мәлімет 2025 жылдың соңына дейін бір дерекқорға енгізіледі.  

Денсаулық сақтау саласының бірыңғай порталы арқылы денсаулық сақтау саласының ресурстарын тіркеп, бір есепке алу, жеке және заңды тұлғаларға денсаулық сақтау саласындағы барлық қызметті алуға мүмкіндік беру, азаматтардың цифрлық денсаулық сақтау саласындағы цифрлық паспортын енгізу, медициналық статистика жүргізу, пациенттердің медициналық ұйымдардағы жеке кабинетін енгізу, кері байланыс қызметін қамтамасыз ету көзделген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...