ҚМА қылмыстық жолмен алынған 358 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлік пен ақша тәркіледі

ҚМА қылмыстық жолмен алынған 358 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлік пен ақша тәркіледі

Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен алынған 358 миллион теңгеден астам қаражатқа сатып алынған жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті өңірдің лауазымды тұлғаларына және "Қуатжылуорталық-3" МКК-ға қатысты сметалық құнын арттыру, сондай-ақ нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу арқылы қаладағы жылу желілері мен электр беру желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге бөлінген 1,1 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Сонымен қатар, күдіктілер лауазымды адамдар ұрланған қаражатты жылыстату үшін "қолма-қол ақша жасаушылар" тобын тартты. Олар 7% мөлшерінде ақшалай сыйақы үшін бөгде тұлғаларға ресімделген 24 күмәнді кәсіпорын арқылы тауарларды жеткізу және қызмет көрсету жөніндегі мәмілелер туралы жалған құжаттар (шот-фактуралар, жүкқұжаттар, орындалған жұмыс актілері, шарттар) ұсынды.
Параллельді қаржылық тергеу шеңберінде қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған жылжымайтын мүліктер, атап айтқанда, Шымкент және Астана қалаларындағы 2 пәтер, 1 тұрақ орны, Шымкент қаласындағы 3 жеке үй және банк шоттарындағы тыйым салынған 50 миллион теңге анықталып, тәркілеу мақсатында сот санкциясымен тыйым салынды.
Сот үкімімен барлық жеті айыпталушылар 2 жылдан 7,5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мәжіліс депутаты жаңа Конституция жобасындағы кіріспеде алғаш рет білім мен ғылым, инновацияға қатысты норма көрсетілгенін айтты. Ата Заңда аталған саланы...

«Референдум–2026» онлайн-марафоны барысында Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, ҚР Әділет министрлігінің...

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында алғаш рет мемлекет тарапынан еріктілікті қолдау нормасын бекіту ұсынылды. Тиісті түзетулерді ҚР Парламенті Мәжілісінің...