Қазақстан мен Өзбекстан киікті сақтау бағытындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Өзбекстан киікті сақтау бағытындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Өзбекстан арасында киік популяциясын сақтау және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров пен Өзбекстан Республикасының Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитетінің төрағасы Азиз Абдухакимов қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – екі елдің табиғатты қорғау саласындағы күш-жігерін біріктіру, киіктердің трансшекаралық көші-қон жолдарын сақтау және олардың табиғи мекендеу ортасын қалпына келтіру.

Келісілген ынтымақтастық бағыттары аясында киіктердің санына, көші-қонына және денсаулық жағдайына бірлескен мониторинг жүргізу, ғылыми деректермен алмасу, спутниктік бақылау мен ветеринариялық қадағалау әдістерін қолдану көзделген.

Басты басымдықтардың бірі – киіктің тарихи мекендеу аумақтарындағы популяциясын қалпына келтіру. Осы мақсатта екі ел киіктерді қайта жерсіндіру бағдарламасын әзірлеу, оларды көшіру шараларын ұйымдастыру және табиғи жайылымдар мен су көздерін қалпына келтіру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізеді.

Сонымен қатар браконьерлікке және жануарлардың заңсыз саудасына қарсы іс-қимылды күшейту, бірлескен табиғат қорғау рейдтерін өткізу, трансшекаралық қорғалатын аумақтар мен көші-қон дәліздерін дамыту жоспарланған.

Меморандум ғылыми-зерттеу ұйымдарының, халықаралық серіктестердің және табиғат қорғау мамандарының өзара тәжірибе алмасуына да мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен бастамасы киік популяциясын ұзақ мерзімді сақтауға, биоалуантүрлілікті қорғауға және Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың негізгі ассортименті бойынша баға тұрақтылығы сақталып отырғанын хабарлайды....

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимараты салынады. Бұл мақсатқа...

Түркістан қаласындағы шағын кәсіпорын өндірісін ұлғайтуға дайын болғанымен, оған қажет жабдықты өз қаражатына бірден сатып ала алмауы мүмкін. Бір...

Шымкент қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлік мүшелері мен қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға қала...