Қанат Шарлапаев Атырау облысындағы ірі өнеркәсіп нысандарын аралады

Қанат Шарлапаев Атырау облысындағы ірі өнеркәсіп нысандарын аралады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министріҚанат Шарлапаев Атырау облысына жұмыс сапарыаясында «НИНТ» АЭА-ға барды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

​Қанат Шарлапаев «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-де болды. Біріктірілген газ-химия кешені – еліміздегі Теңіз кенішіндегі шикізатты өңдейтін алғашқы жоба. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайды. Бүгінгі күні іскеқосылғаннан бері 442 мың тонна түйіршіктелген полипропилен өндірілді.

Бірінші кезеңде желіні біртіндеп 65 маркағадейін кеңейтумен полипропиленнің 10 маркасыәзірленді. Полипропиленнің көптеген салаларда, соның ішінде автомобиль жасау, машина жасау, құрылыс, электротехника және т.б. қолдану аясыкең.

Министр «НИНТ» АЭА-дағы «Полимер Продакшн» ЖШС-де болды. Кәсіпорын импорттыалмастыратын және экспортқа бағытталғанполимерлі ыдыстар (қаптар), полипропилен (ББПП) және полиэтилен пленкаларын өндіруменайналысады.

Өндіріс қуаттылығы жылына 10,2 мың тонна Биаксиалды бағытталған полипропилен пленкаларын (ББПП), 24 млн дана полипропилен қаптарын, 4 125 тонна полиэтилен пленкаларынқұрайды.

Қанат Шарлапаев «Интаго Казахстан» ЖШС-де болды. Компания киімнен басқа тоқымалы еместекстиль бұйымдарын шығарумен айналысады. «Интаго Қазақстан» «Атырау облысының «НИНТ» АЭА аумағында тоқымалы емес геосинтетика өндіретін зауыттың құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. Тоқымалы емесгеотекстильді матаның жылдық өндіріс көлемі жылына 3 600 тоннаны құрайды.

Зауыт а.ж. қыркүйек айында ашылып,еліміздегі ені 6 метр құрайтын геотекстильді жалғыз өндірушісі болды. Құрылыс саласы мен инфрақұрылымды дамытуға елеулі үлес қоса отырып, геосинтетикалық материалдар саласындағы сапа мен инновацияның жаңа стандарттарын белгіледі.

​Одан бөлек, Министр «Силлено» ЖШС-де болды. Жоба біріктірілген газ-химиялық кешен құрылысының екінші кезеңінде. Құрылысты жүзеге асыру мерзімі – 2024-2028 жылдар, пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланған.

​Полиэтилен алаңында а.ж. қыркүйек айындаалғашқы құрылыс жұмыстары басталды және «Sinopec Engineering Incorporated» (ҚХР) компаниясымен консорциумда «Силлено» және «Tecnicas Reunidas» (Испания) арасында Пиролизді орнату туралы EPC келісім-шартқа қол қойылды. Бүгінде негізгі құрал-жабдықтарды орналастыру жұмыстары жүргізіліп, әлеуетті мердігерлермен келіссөздер жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен...

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша экономиканың нақты секторын дамыту шаралары бойынша бірінші көшпелі кеңесті Премьер-министрдің орынбасары –...

Түркістан облысы әкімдігінде жұмыспен қамту мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілістің...