Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының инфрақұрылымды дамыту және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет Арнаулы...