Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Ақмола облысының бірқатар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) мен дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау жұмыстарына Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

Барлығы 4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт салынады. Әр ауысымда 405 науқасты қабылдай алатын дәрігерлік нысандар ауылдық жерлерде халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Дәрігерлік амбулаториялар Ақмола облысының келесі ауылдарында:

● Аршалы ауданы Арнасай ауылында,

● Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылында,

● Жарқайың ауданы Пятигорское ауылында,

● Целиноград ауданы Жаңа Есіл ауылында бой көтереді.

Сондай-ақ:

● Жақсы ауданының Киров ауылында,

● Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылында,

●  Бұланды ауданының Партизанка ауылында,

● Бұланды ауданы Алтынды ауылында,

● Шортанды ауданының Пригородное ауылында ФАП-тар салынады.

 Целиноград ауданының Шалқар ауылында медициналық пункт пайдалануға беріледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту мен...