Мәжіліс депутаты «Бозарық» қосалқы стансасын аралап көрді

Мәжіліс депутаты «Бозарық» қосалқы стансасын аралап көрді

ҚР Парламенті Мәжіліснің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев пен қалалық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Жадыра Нағашыбайқызы Таңатарова бүгін Қаратау ауданында орналасқан «Бозарық» қосалқы стансасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz

Бұл нысан «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына енген.

«Бозарық» 220/110/10 кВ қосалқы стансасы Шымкент қаласында энергетика саласын дамыту бағытында қолға алынған ірі энергетикалық обьект. Ол толық пайдалануға берілген кезде 250 мың тұрғынды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады. Жобаның жалпы сомасы – 7,9 млрд теңге. Қуаттылығы 160 МВт қосалқы станцияның құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Аврора Констракшэн» ЖШС.

Мәжіліс депутаты Ғани Әбдіғаниұлы құрылысы біраз уақытқа созылған мекеменің қазіргі жағдайымен танысты. Қазіргі таңда нысанның бірқатар құрал-жабдықтарын (220 кВ автотрансформатор, 220 кВ КРУЭ, 110 кВ КРУЭ) орнату жұмыстары толығымен аяқталды. «Бозарық» қосалқы станциясы тестік режимде тексеруден өтті. Мамандардың тиісті бағасын алды. Ендігі мәселе оны басқаратын органның құзырына тапсыру. Бозарық стансасы жақын арада пайлануға беріледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...