Қазақстан мен АҚШ: мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен АҚШ: мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық

2025 жылғы 11-13 маусым аралығында Қазақстан делегациясының Вашингтон қаласына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов АҚШ Энергетика министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Әлібек Жамауов америкалық компаниялардың, атап айтқанда Chevron және ExxonMobil компанияларының ірі кен орындарын кеңейту жобаларына қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар көмір және атом өнеркәсібін дамыту бағытында тәжірибе алмасуға уағдаласты.

Сондай-ақ, энергетика вице-министрі АҚШ-Қазақстан іскерлік кеңесінің (USKZBC) дөңгелек үстеліне қатысып, Citi, Leidos, Google, Oryx, ExxonMobil, Wolt, Mayer Brown сынды ірі америкалық компания өкілдерімен кездесті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ