Астана, 2025 жылғы 13 маусым – Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси консультациялар өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақ делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев, ал қырғыз делегациясын Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Асеин Исаев басқарды.
Тараптар одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі нығайту перспективаларын талқылады, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын жан-жақты қарастырды. Сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Делегация басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды теңестірді», сондай-ақ көпжақты форматтарда өзара қолдау көрсетуді жалғастыруға берік міндеттемелерін растады.
Тараптар сондай-ақ алдағы іс-шаралар кестесін қарап, оларды сапалы дайындау бойынша тиісті Жол картасына қол қойды.