Шымкентте Республикалық оркестрлер шеруі өтеді

Шымкентте Республикалық оркестрлер шеруі өтеді

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 15 маусым күні сағат 20:00-де Шымкент қаласы Наурыз алаңында өтетін Республикалық Оркестрлер шеруінің салтанатты ашылуына шақырамыз.

Ашылу салтанатында:

• «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі,

• Шымкент қалалық Опера және балет театрының симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.

17 маусым күні сағат 19:00-де қаламызда өтетін алғашқы Республикалық оркестрлер шеруіне келесі ұжымдар қатысады:

• Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі

• Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Ақжауын» камералық оркестрі

• Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі

• Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының Ш.Қажығалиев атындағы эстрадалық-симфониялық оркестрі

• CDA Big Band джаз оркестрі

Шерудің салтанатты ашылуы:

15 маусым, сағат 20:00, Наурыз алаңы

Оркестрлер шеруі:

17 маусым, сағат 19:00, Наурыз алаңы

Келіңіздер!

Шымкент төрінде өтетін өнер мерекесіне бірге куә болайық.

Оркестрлер шеруі сізді күтеді!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ