Қарағанды қаласында «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындармен тікелей байланыс орнату мақсатында полиция қызметкерлері азаматтармен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары тұрғындарға құқықтық ақпараттық парақшалар таратып, сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын мұқият тыңдады.
Азаматтармен ашық диалог форматында өткен бұл кездесу полицияның халықпен байланысын күшейтуге және жергілікті деңгейде өзекті мәселелерді бірлесе шешуге бағытталған.
Мұндай шаралар қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, заңға құрмет пен сенімді нығайтуға негіз болады.