Тассай тұрғын алабында тазалық сақтау мәселесі бойынша кездесу өтті

Тассай тұрғын алабында тазалық сақтау мәселесі бойынша кездесу өтті

Қала тазалығын басты назарда ұстау жөніндегі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері «Тассай» тұрғын алабы тұрғындарымен кездесіп, елдімекенде санитарлық тазалықты сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесуге тассайлық тұрғындармен бірге елдімекеннің санитарлық тазалығына жауапты «АқсемсерСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлері де қатысты.

Кездесу барысында тазалықтың әр адамның өз ауласынан басталатыны, сондықтан әр тұрғын өз ауласын таза ұстау арқылы қаланың көркеюіне үлес қосатындығы айтылды.

Санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Қаратау ауданы территориясы 10 аумаққа бөлініп, оған аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.

Жалпы ауданда бей-берекет қоқыс жиналуына жол бермеу мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзу қажеттігі жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, аудан бойынша 2021 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісім-шарт түзу көрсеткіші – 99%. Аталған көрсеткішті 100 % жеткізу мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Қаратау ауданы аумағының санитарлық тазалық жұмыстарын ай сайын «Экоспецтранс» ЖШС, «Шымкент спецкомплекс» ЖШС, «Жасыл жер» ЖШС, «АқсемсерСтройСервис» ЖШС қызмет көрсетуші мекемелері атқаруда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...